Жаңалықтар

Ақтөбеде өрт кезінде 13 адам эвуакацияланды

Ақтөбеде өрт кезінде 13 адам эвуакацияланды
Фото: El.kz 26.06.2023 13:47 872

25 маусым күні сағат 8:26-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласының Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы жеке құрамының 16 құтқарушысы мен 5 өрт техникасы жұмылдырылды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің нәтижесінде өрт тараған жоқ, баспалдық арқылы 13 адам, оның ішінде 3 бала эвуакацияланды. Өрт сағат 8:52-де толықтай сөндірілді. Өртің алаңы 10 шаршы метрді құрады, - деп жазды ТЖМ-нан.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға