Жаңалықтар

Ақтөбеде ер адам қасқырды шынжырмен өлтірген

Ақтөбеде ер адам қасқырды шынжырмен өлтірген
Фото: polisia.kz 19.04.2023 16:47 1408

Ақтөбе облысының полицейлері әлеуметтік желілерді талдау барысында бейнежазбада қасқырды шынжырмен ұрып-соққан ер адамды анықтады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Ырғыз ауданы ПБ-нің қызметкерлерімен ауданның 37 жастағы тұрғыны анықталды. Ұсталған адам қасқыр оның малына шабуыл жасамақ болған, ол қасқырды мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен өлтіргенін түсіндірді, - делінген Polisia.kz мәліметінде.

Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға