Жаңалықтар

Ақтөбе әкімі су тасқынында көмектескен құтқарушыларға алғысын білдірді

Ақтөбе әкімі су тасқынында көмектескен құтқарушыларға алғысын білдірді
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі 04.04.2024 13:00 404

30 наурызға қараған түні Алматыдан Ақтөбе облысына көмекке келген Республикалық жедел құтқару жасағы өз миссиясын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Енді 20 құтқарушы БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады. 

Жасақ Ойыл ауданының Қаратал ауылынан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты. Олардың көмегімен 120-дан астам құтқарылған. 

Облыс әкімі Асхат Шахаров қиын сәтте жерлестеріміздің жанынан табылған, оларды құтқаруға бар күшін салған қауіпті мамандық иелеріне алғысын айтты. 

Еліміздегі су тасқынының өтуі - Президенттің қатаң бақылауында. Осындай қауіпті кезде сіздер мамандықтарыңызға адал екендіктеріңізді дәлелдедіңіздер. Жауапкершілік міндетін мойындарыңызға алып, қауіп-қатерге қарамастан, өз өмірлеріңізді сарп ете отырып, өңірімізге көмекке келдіңіздер. Көрсеткен үлкен ерліктеріңізге зор алғыс. Аман жүріңіздер,  - деп атап өтті Асхат Шахаров. 

Ақтөбе әкімі су тасқынында көмектескен құтқарушыларға алғысын білдірді

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға