Жаңалықтар

Алматылық жастар ұлттық киімді ұлықтады

Алматылық жастар ұлттық киімді ұлықтады
Фото: Алматы қаласы әкімдігі 17.03.2024 09:20 493

Алматыда Наурыз мерекесіне орай Мәдениет және ұлттық дәстүрлерлер күні атап өтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Наурызнаманың онкүндігі аясында қаланың белсенді жастары National day челленджін бастады. Әкіміктің хабарлауынша, AR демалыс орталығының жастары ұлттық киімнің заманауи интерпретациясын ұсынды.

Осы іс-шара аясында біз ұлттық киімнің әдемі ғана емес, сонымен қатар өте стильді, жастық және күнделікті өмірде ыңғайлы болатынын көрсеткіміз келді, - деп атап өтті іс-шараны ұйымдастырушылар: 

Наурыз мерекесі қаланың барлық комьюнити-орталықтарында жастарға арналған түрлі форматтағы іс-шараларды қамтыды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға