Жаңалықтар

Аллергияны тұмаудан қалай ажыратамыз? Маман жауап берді

Аллергияны тұмаудан қалай ажыратамыз? Маман жауап берді
Фото: © Pixabay.com 28.03.2024 14:29 639

Адамдар аллергияның симптомдарын көбінде суық тиюмен шатастырып, дұрыс ем қабылдамай жатады. Ресейлік аллерголог, иммунолог Владимир Болибок аллергияға дұрыс диагноздың қойылмауы несімен қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Науқастар аллергияны көбінде ЖРВИ-мен шатастырып жатады. Кейбіреулер жылдап аллергияның орнына суық тиюмен немесе тұмаумен күреседі. Себебі кейде аллергия ағаштар гүлдегенге дейін пайда болып жатады. Оған оңтүстік өңірлерден желмен келетін шаң-тозаң себеп болуы мүмкін, - дейді маман.

Дәрігердің айтуынша, аллергияның басты белгісі – түшкіру. Сонымен қатар бұған мұрынның қышуы мен көздің қызаруын да жатқызуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға