Жаңалықтар

"5 рет пышақтаған". БҚО-да діни ағым өкілі жас қызды зорламақ болған

"5 рет пышақтаған". БҚО-да діни ағым өкілі жас қызды зорламақ болған
Фото: polisia.kz 22.09.2023 09:55 9806

Батыс Қазақстан облысында деструктивті діни ағымның өкілі жас қызды бес рет пышақтаған, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Жұмысынан түнде шыққан бойжеткенге бейтаныс жігіт күш көрсетіп, көшеде зорламақ болған. Бірақ қыз дегеніне көнбегесін, мойны мен бетінен бес рет пышақтап, қашып кеткен. Қансыраған қыз үйіне келгесін, жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарласады. Қазір күдікті ұсталып, қамауда отыр, бірақ туыстары оған тағылған айыппен келіспейді. 

Өлтіргісі келді. Біз солай ойлаймыз. Өйткені мойнына, басына пышақ тығып, ол өлтіргісі келді менің сіңлімді. Полиция менің сіңлімді қорқытты: сенімен ештеме болған жоқ, жүрсің аяғыңмен, өлген жоқсың деп. Пышақтаған жігіт менің отбасым бар, балам бар деп жылаған. Аямау керек деп ойлаймын ондай адамдарды, - жәбірленушінің туысы Айгүл Әлиева.

Жәбірленушінің туыстары күдіктінің адам өлтірмек болғанына сенімді. Енді осыны дәлелдеу үшін прокуратураға шағымданбақ. Полиция дерегінше, күдікті 34 жастағы азамат.

Тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде ұсталған азамат деструктивті діни ағымның ұстанушысы екені анықталды. Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы – 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді БҚО экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Гүлсайран Албидақова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға