Жаңалықтар

5 қазанда үш өңірде үсік жүреді

5 қазанда үш өңірде үсік жүреді
Фото: © El.kz 05.10.2023 08:20 426

5 қазанда ел аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамы бойынша, тек республиканың батысында және таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, солтүстікте, оңтүстікте, батыста, оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады,

Түнде оңтүстікте, Ақмола орталығында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында 1-2 градус үсік жүреді.

Түркістанда, Қызылорда облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға