Жаңалықтар

«4 баланың туған анасы табылды». Еуропалық қазақ бала Жәнібек Қазақстанға келді

«4 баланың туған анасы табылды». Еуропалық қазақ бала Жәнібек Қазақстанға келді
Фото: instagram.com/qazaqstantv 28.02.2024 10:03 35319

Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев Қазақстанға қайта келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Qazaqstantv-ге сілтеме жасап.

Ол бүгін Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Қазақ радиолары» өткізетін «Мың алғыс» шарасына қатысады деп жоспарланған.

Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы анасын іздеген Жәнібектің арқасында 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы анықталды. Бір ұл Канадада, екі ұл Бельгияда және тағы бір ұл Қазақстанда тұрып жатыр.

Жәнібектің өз анасына қатысты зерттеу жұмыстары жалғасуда.

«Мың алғыс» шарасында Жәнібектен бөлек, 1930 жылдары ата-бабасы Қазақстанға қоныс аударған түрік этносының өкілі Яша Қошалиоғлы, донорлық органмен өмір сүріп жүрген алматылық Светлана Каипова мен Данияр Байбулаев, 25 бала асырап алған ақтөбелік Жетесовтер отбасы мен Астанада тұрғын үйден шыққан өрт кезінде бесінші қабатта қалған тұрғынды аман алып қалған құтқарушы Ғалымбек Өтешев қонақ болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға