Жаңалықтар

1 наурызда ауа райы қандай болады

1 наурызда ауа райы қандай болады
Фото: ©Pixabay.com 01.03.2024 06:13 884

Қазгидромет 1 наурызда еліміздің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысы бойынша оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкентте таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға