Жаңалықтар

"Жанымда ер-азамат болғанын қалаймын". Әнші Шаһизада жан сырын ақтарды

"Жанымда ер-азамат болғанын қалаймын". Әнші Шаһизада жан сырын ақтарды
Фото: Видеодан кадр 06.01.2024 14:02 15417

Әнші Шаһизада жеке өміріне қатысты маңызды сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Менде о баста отбасыма, бала-шағама көмектесу деген жауапкершілік бар. Соны өзім жауапкершілік етіп алып алғанмын. Қасымда да сондай мықты, жауапкершілікті көтеретін, еті тірі, тірлігі бар ер-азамат болғанын қалаймын. Сондай азамат жолықса, көңіліне қарап, ол үшін бәрін жасауға тырысасың ғой. "Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан", - деді әнші.

Әнші жақсы көретін азамат бар екенін айтты.

Жалғызбын деп айта алмаймын, бірақ әйел ретінде жалғызбын. Себебі 24 сағат телефоным қосылып тұрады. Іздейтін адамым көп, шүкір. Мені жақсы көретін ер азамат бар. Күнде болмаса да аптасына екі рет кездесіп, шай ішіп тұрамыз. Бір-бірімізге уақыт табуға тырысамыз, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға