Жаңалықтар

Utebayev University базасында ядролық физика институтының филиалы ашылады

Utebayev University базасында ядролық физика институтының филиалы ашылады
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 04.04.2024 00:36 362

UTEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова мен ҚР Энергетика министрлігі Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құжат ғылым және ғылыми-зерттеу қызметі саласында ынтымақтастық орнатып, бірлескен зерттеулер жүргізуді қамтиды. Сонымен қатар, UTEBAYEV UNIVERSITY базасында Ядролық физика институтының филиалын ашу жоспарланып отыр.

Атырау аймағы үшін өзекті проблеманың бірі – экологиялық ахуал. Ал экологияның бұзылуы адам денсаулығына теріс әсер етеді. Тараптар алдағы уақытта осы мәселеге жете мән беріп, радиоэкологиялық зерттеулер, ядролық және радиациялық технологиялар саласында бірлескен жобаларды қолға алуға келісті. Еліміздің мұнай-газ кешеніне маман даярлайтын оқу орны UTEBAYEV UNIVERSITY отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарымен байланыс аясын кеңейтіп, жүйелі жұмыстарды қолға алуда, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға