Жаңалықтар

Су тасқынынан болған өңірдерде емханалар штаттық режимде жұмыс істеуде

Су тасқынынан болған өңірдерде емханалар штаттық режимде жұмыс істеуде
Фото: ОКҚ 24.04.2024 19:39 388

Су тасқынынан зардап шеккен облыстардағы медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеуде

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиеваның айтуынша, медициналық көмектің барлық түрлерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жедел медициналық көмек қызметтерінің, стационарлардың қабылдау пункттерінің және МСАК ұйымдарының жұмысы күшейтілді.

Су тасқыны басталғаннан бері эвакуациялық пункттерде барлығы 106 медициналық пункт ашылды, оның ішінде бүгінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облысының эвакуацияланған тұрғындары үшін 59 медициналық пост жұмыс істеуде. Медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін 2100 медицина қызметкері, оның ішінде 299 дәрігер, 90 психолог тартылды. Эвакопункттерде медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсетуге 742 медицина қызметкері, оның ішінде 143 дәрігер, сондай-ақ 69 психолог тартылды, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Инфекциялық аурулардың туындауының алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

Барлық эвакуациялық пункттерде зардап шеккендерді сумен қамтамасыз ету, тамақтандыру, тұру және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларын бақылау, СЭС қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етіледі. Су тасқыны басталғаннан бері эвакопункттерде 3 мыңнан астам су мен тамақ өнімдерінің сынамалары алынды. Эвакуацияланған адамдардың арасында ішек және басқа инфекциялар аурулары тіркелген жоқ, - деді спикер.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға