Жаңалықтар

Су тасқынына байланысты 6 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Су тасқынына байланысты 6 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: ҚазАвтоЖол 06.04.2024 19:10 366

Су тасқынына байланысты еліміздің 6 облысындағы 11 автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылдың 6 сәуіріндегі сағат 19:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай облыстарында 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4111 метр болатын су тасқыны орын алды.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 530 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Қазіргі таңда республикалық жолдарда 399 бірлік техника мен 822 адам жұмылдырылған,-делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға