Жаңалықтар

Қырғызстанда 29 баланы қаққан көлік жүргізушісі ұсталды

Қырғызстанда 29 баланы қаққан көлік жүргізушісі ұсталды
Фото: Видеодан кадр 03.05.2024 09:12 1670

Қырғызстанның Созақ ауданындағы оқушыларды қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендер саны 25-тен 32 балаға дейін өсті.

Ауруханадағы 9 баланың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы ауыр.

Зардап шеккендердің екеуінде бас-ми жарақаты, біреуінде ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің түбінің сынуы, ал біреуінде қабырға асты сүйегінің экструзияланған сынығы бар. Көкбауыр жарылған екі балаға ота жасалды, - дейді Аурухана меңгерушісі Қыпшақбай Тоқтарбаев.

Ведомство басшысының орынбасары Октябрь Урманбетов оқиға болған аймаққа келіп, жағдайды өз бақылауына алды. Бұл іс Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиевтің де бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға