Жаңалықтар

Құлсарыда су тасқыны кезінде жоғалған екінші адамның мәйіті табылды

Құлсарыда су тасқыны кезінде жоғалған екінші адамның мәйіті табылды
Фото: Атырау облыстық ТЖД 14.04.2024 16:26 454

Құлсарыда су тасқыны кезінде әкесімен бірге хабарсыз кеткен жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық ТЖД мәлііметінше 14 сәуірде сағат 13:40-та 2000 жылы туған баланың денесі өз тұрғын үйінен 1 км қашықтықта 1,5 м тереңдікте су астынан табылды.

Еске салсақ, 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы дүниеге келген ер адам мен оның ұлы су басқан үйін көруге барған болатын.

Құтқарушылар шақырту түскен уақыттан бастап, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына қарамастан іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 40 жеке құрам, 1 техника, 6 бірлік жүзу құралы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға