Жаңалықтар

Қуантыровтың орнын басқан Байбазаров нені өзгертпек?

Қуантыровтың орнын басқан Байбазаров нені өзгертпек?
Фото: t.me/KZgovernment 07.02.2024 13:17 3346

Су жаңа тағайындалған ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтан тілшілер қандай нақты жоспары барын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр мемлекет басшысы экономикалық саясат курстың негізінде еліміздің жаңа әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын белгілегенін айтты.

Экономикалық екі негізгі бағыт – бұл экономикада құрылымдық өзгерістер және экономика саласындағы реформалар. Осы бағытта біз инвестицияларды тарту, салық және бюджет жүйесін өзгерту бойынша жұмыстар атқаратын боламыз, – деді Нұрлан Байбазаров.

Тілші «Бұрынғы министр бұл жұмыстарды істей алмады ма?» деп сұрады.

Ведомство басшысы аталған жұмыстар бұған дейін басталғанын және оны дұрыстап аяқтап, жаңа экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша жағдай жасау керек екенін тілге тиек етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға