Жаңалықтар

Қостанайда ер адам әйелін бірнеше рет пышақпен жарақаттаған

Қостанайда ер адам әйелін бірнеше рет пышақпен жарақаттаған
Фото: Видеодан кадр 19.06.2023 13:17 953

Қостанайда бейнебақылау камераларының көмегімен үй ауласында жұбайын бірнеше рет жарақаттаған азамат ұсталды.

Polisia.kz мәліметінше, 16 маусымда «102» пультіне Қостанай қаласы аудандарының бірінің ауласында мас күйде болған 47 жастағы ер адам жанжал кезінде жұбайына бірнеше рет пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамның көлікпен қашып кеткенін анықтаған.

Көліктің маркасы мен нөмірін полицейлерге оқиға куәгерлері хабарлады. Дереу полиция нарядтары бағдарланып, облыс орталығының аумағында «Ұстап алу» жоспарын енгізу туралы шешім қабылданды. Бейнебақылау камераларын қарау барысында жедел басқару орталығы инспекторы Тойгуль Жанатова көшелердің бірінде Geely көлігін көрді. Күдікті ұсталды. Одан пышақ табылды, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта 41 жастағы әйел қалалық ауруханаға жатқызылған. Қостанай облысы ПД осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-тармағының (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлайды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға