Жаңалықтар

Қазнетте есірткі таратумен айналысқан 300-ге жуық арна анықталды

Қазнетте есірткі таратумен айналысқан 300-ге жуық арна анықталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 24.04.2024 09:56 298

ҚМА есірткі құралдары мен прекурсорлардың таралуы тұрғысынан әлеуметтіке желілерге мониторинг жүргізу барысында 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын 4 ірі Darknet маркетплейс анықталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, ел аумағында Telegram арналары арқылы есірткі және психотроптық заттарды тұрақты негізде жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды.

Интернет-кеңістіктің Қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң,  есірткі заттарынының әлеуетті тұтынушылары болып табылатын 10 мыңға жуық адамның жеке басы анықталды, - делінген мәліметте.

Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың 50%-дан астамы Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі.

Агенттік өткен жылы айналымы 25,6 млрд теңгені құрайтын 36 есірткі дүкенін анықтады.

Биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі арнасына тиесілі 59 карт-шот анықталды.

Қаржылық барлау бөлімшесінің алдын ала талдау қорытындысы бойынша аталған дүкендердегі ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгені құрады.

Айналымы 82 млн теңгені құрайтын есірткі дүкендерінің бірі бойынша материалдар ІІМ-ге жолданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға