Жаңалықтар

Қарағанды облысында екі баланың өліміне қатысты сұмдық жайт белгілі болды

Қарағанды облысында екі баланың өліміне қатысты сұмдық жайт белгілі болды
Фото: ©Pixabay.com 08.04.2024 12:39 1304

Қарағанды ​​облысында балаларын өлтірді деген күдікке ілінген әйелдің мұндай қылмысқа не үшін барғаны белгілі болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қанды оқиға түскі уақытта болған. Себеп – балалардың қарны ашып, анасынан тамақ сұрауы. Келіншек шыдамай, екі қызын да тұншықтырып өлтірген. Осыдан кейін әйел мәйіттердіңң қасында отырып, кешке дейін бірге тұратын серігін күткен, оған қыздар өздері қайтыс болғанын хабарлаған. Ал ер адам полиция шақырған.

Келіншек полицияға балалар белгісіз заттан уланғанын мәлімдеген. Полицейлер қайтыс болған қыздардың соңғы рет не жегендерін көру үшін ас үйге кірген, ал онда бір түйір тамақ болмаған.

Күдікті  қазір қамауда отыр. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға