Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасында ұсталғандарды азаптау бойынша экс-полицейлерге үкім шықты

Қаңтар оқиғасында ұсталғандарды азаптау бойынша экс-полицейлерге үкім шықты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 18.03.2024 22:10 456

Талдықорған қаласының соты Қаңтар оқиғасы барысында азаптау фактілерін қолданған бұрыңғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық істі Жетісу облысының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.

Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы полиция Департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілген.

Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырудың әртүрлі мерзімдеріне сотталып, олардың біреуі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды.

Сонымен қатар, сот оларды арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға