Жаңалықтар

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары парамен ұсталды
Фото: Видеодан кадр 16.06.2023 15:08 506

15 маусымда кәсіпкерден пара алды деген күдікпен Павлодар қаласы әкімінің орынбасары ұсталды. Ол жолдарды жөндеудегі мемлекеттік сатып алу шартындағы орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін ақша алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті Павлодар қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген мәліметте

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға