Жаңалықтар

Павлодар облысының басқарма басшысы жұмыстан қуылды

Павлодар облысының басқарма басшысы жұмыстан қуылды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметі 21.11.2023 11:29 772

Павлодар облысының энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Салхановты қызметінен босатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өңір басшысы Асайын Байханов оны табиғи апат кезінде өзіне міндеттелген тапсырмаларды атқарудағы салғырттығы үшін айыптады.

Үш күн бұрын болған қатты дауыл салдарынан аймақта 183 ғимараттың шатыры ұшты. Оның 83 әлеуметтік нысан. Қазіргі уақытта 20 мектепте оқу уақытша тоқтатылды. 18 елдімекен әлі күнге дейін жарықсыз отыр.

Табиғаттың дүлей күшінің салдарымен күресу және зақым келген нысандарды қалпына келтіру үшін облыстың 9 ауданында табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Асайын Байханов монополистің жұмысын да сынады. Әкімге электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары ұнамайды. Осы себепті Асайын Байханов «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Олег Щемельді қалыптасқан жағдаймен жеке айналысуды тапсырды.

Міне, 18 ауылдың электр қуатынсыз отырғанына үш тәулік болды. Бұл дегеніңіз олар үш тәулік бойы жарықсыз, байланыссыз отыр деген сөз, кейбірінде тіпті су да жоқ. Көптеген тұрғындар ұзақ жанатын пеш пен су соратын насостарды қолданады. Олар электр қуатынсыз жұмыс істемейді. Мен шұғыл түрде қалпына келтіру жұмыстарын қайта құрып, оған өзге күштерді де тартуды тапсырамын. Егер қолдарыңыздан келмесе бізден көмек сұрауларыңыз керек еді, - деді облыс әкімі «Павлодарэнерго» АҚ басшылығына қарата айтқан сөзінде.

Сонымен қатар өңір басшысы Асайын Байханов қала, аудан және кейбір облыстық ведомстволардың жұмысына қанағаттанбайтынын жеткізді. Соған қарамастан өзге шенеуніктер өз орындарында қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға