Жаңалықтар

Оралда полиция қызметкері пара алу кезінде ұсталды

Оралда полиция қызметкері пара алу кезінде ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 22.10.2023 04:11 508

Орал қаласында полиция қызметкері пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 қазан күні болды.

Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерін ақша алу кезінде қолға түсірді. Аталған қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға