Жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев Үкіметтен Ұлттық қор қаражатының есебін сұрады

Мәулен Әшімбаев Үкіметтен Ұлттық қор қаражатының есебін сұрады
Фото: parlam.kz 23.11.2023 15:30 1301

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев "Самұрық-Қазына" облигацияларын қаржыландыру және сатып алу есебін көрмегенін айтып, Үкіметті сынға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық қор қаражатын пайдалану тұжырымдамасында "Самұрық-Қазына" облигацияларын қаржыландыру және сатып алу мүмкіндігі көзделген. Біз өткен жылдың бюджеті бойынша есепті қарадық. Онда Ұлттық қор қаражатын пайдаланудың осы бөлігі туралы ақпаратты көрмедік. Ақпарат жоқ. Осылайша  қаражатты пайдаланудың есебі бойынша проблемалар бар, - деді сенатор.

Әшімбаев Үкімет мұндай қағаздарды Ұлттық қор есебінен сатып алуы кезінде Парламент палаталарына хабарлауы қажет екенін, бірақ оны орындамағанын айтты.

Сондай-ақ облигацияларға қатысты жобаны бақылау қажет екеніне назар аударды.

Осы жобалардың жүргізілуі мен пысықталуын кім бағалайды? - деп сұрады ол.

Сенат төрағасы Жоғары аудиторлық палатадан облигацияларды сатып алу процесін қадағалуды сұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға