Жаңалықтар

Мамандар теледидарды қосып ұйықтаудың қаупі туралы ескертті

Мамандар теледидарды қосып ұйықтаудың қаупі туралы ескертті
Фото: © Pixabay.com 05.04.2024 12:18 646

Әдетте адамдар ұйықтар алдында теледидар немесе смартфон көреді. Дегенмен мамандар мұның дұрыс еместігін айтып дабыл қағуда. Себебі адам ағзасы толық қараңғыда ғана демала алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың сөзінше, шамнан немесе теледидардан шамадан тыс жарықтың түсуі ұйқы сапасын нашарлатып, мелатонин өндірісін тежейді.

Мысалы, Қытай ғалымдары алты жыл бойы зерттеу жүргізіп, түнде жасанды жарықпен ұйықтайтын адамдарда инсульт қаупі жоғары екенін дәлелдеген.

Сомнологтар түнде дыбыссыз режимде жұмыс істеп тұрған теледидардың өзі биологиялық сағатымызды бұзатынын анықтады. Өйткені теледидардан түсетін көгілдір жарық миымызға сергек болуды ескертіп, терең ұйқыға кетуді қиындатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға