Жаңалықтар

LRT құрылысына биыл қанша қаражат жұмсалады?

LRT құрылысына биыл қанша қаражат жұмсалады?
Фото: ©El.kz 22.04.2024 13:36 567

Былтыр LRT құрылысын жалғастыру үшін бюджеттен 52,4 млрд теңге бөлінгені туралы айтылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл қаражатқа мына жұмыстар атқарылған: қадалар бойынша жұмыстар 96% аяқталды, тіректерді тұрғызу бойынша жұмыстар 76% аяқталды, конструкцияларды жинау 82% аяқталды.

Өткен жылы көлік министрі Марат Қарабаев 2024 жылы жұба құрылысына 45 млрд теңге бөлу мәселесі талқыланып жатқанын айтқан. Ведомство биыл қанша қаражат қарастырылғаны туралы zakon.kz-тің сауалына берген жауабында айтқан.

Биылға 28,4 млрд теңге қарастырылды. Бұл қаражатқа рельстер, жылжымалы құрам, электр жабдығы, станциялық сумен қамтамасыз ету жабдығы, дренаж, өртке қарсы қауіпсіздік, желдету және ауаны баптау бойынша жұмыстар және тағы басқа жоспарлануда, – делінген жауапта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға