Жаңалықтар

Көкшетауда есірткі таратумен айналысқан топ құрықталды

Көкшетауда есірткі таратумен айналысқан топ құрықталды
Фото: © El.kz/Арман МҰХАТОВ 30.10.2023 17:02 433

Көкшетауда есірткі таратумен айналысқан топ құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция дерегінше, 29 қазанда полицейлер кезекті психотроптық заттарды таратушыны ұстады. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұнтақ тәрізді консистенциясы бар 10 полиэтилен түйіншекті тауып, тәркіледі. Алынған зат психотроптық затқа жатады, оның нақты салмағына сараптама жасалып жатыр.

27 жастағы есірткі таратушы бұған дейін полиция қызметкерлерінің назарына іліккен, алайда жазадан қорықпай, заңсыз әрекеттерін жалғастыра берген. Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Сол күні Көкшетау қаласы полиция басқармасының есірткіге қарсы полицейлері облыс орталығында психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеудің тағы бір фактісін анықтады. Бұл жолы жедел уәкілдер “тәжірибелі” 42 жастағы азаматты ұстады. Ер адамды тінту кезінде полиция қызметкерлері ұнтақ заты бар 2 полиэтилен түйіншегін және психотроптық заттарды қолдануға арналған препаратты тапты.

Айғақтарға сәйкес, есірткіні жасырын салу координаттарын қала тұрғыны мобильді қосымша арқылы өз дилерінен білді. Бұл факт қазіргі уақытта тергеуде, сараптама қорытындысынан кейін тергеушілер іс жүргізу шешімін қабылдайды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға