Жаңалықтар

Көкшетауда 20 миллионыншы қазақстандықтың дүниеге келуіне арналған жәрмеңке өтті

Көкшетауда 20 миллионыншы қазақстандықтың дүниеге келуіне арналған жәрмеңке өтті
Фото: Ақмола облысының әкімдігі 18.11.2023 23:11 593

Көкшетауда Біржан сал, Ақкөл, Астрахан, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандарының, Көкшетау қаласының және «Kokshe» ӘКК ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жәрмеңкеге қатысты, халықпен әңгімелесіп, тауарларды және бағалар тексерді.  

Облыс аграршыларының сөрелеріне 82,0 млн теңге сомасына 81 тонна өнім ұсынылды. Тауарлар ассортиментінде қала тұрғындары үшін төмендетілген бағамен қажет нәрсенің бәрі бар - 28 тонна ет және шұжық өнімдері, 0,5 тонна жаңа балық, 250 мың дана жұмыртқа, шамамен 6,5 тонна сүт және сүт өнімдері, 8,5 тоннадан астам ұн, 12 тоннадан астам картоп, шамамен 3 тонна көкөніс және басқа да өнімдер. Бағалар нарықтық бағадан 10-15% төмен. Мысалы, сиыр еті 2300 теңгеден, жұмыртқа – 45-47 теңгеден сатылды. Ауыр сөмкелерді еріктілер көліктер мен аялдамаларға жеткізуге көмектесті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға