Жаңалықтар

Көкшетауда 15 жастағы қызды көлік қағып кетті

Көкшетауда 15 жастағы қызды көлік қағып кетті
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.09.2023 12:02 579

Көкшетауда 15 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

27 қыркүйек күні сағат 08.50-де қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының қызметінен жергілікті облыстық балалар ауруханасына оң жақ жамбастың жабық сынуы диагнозымен жасөспірімнің жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен полицейлер жергілікті колледждердің бірінде оқитын студенттің "Алатау" сауда үйіне қарама-қарсы жаяу жүргіншілер өткелінде жолға шығып кеткенін алдын ала анықтады. Салдарынан 31 жастағы "Volkswagen" көлігінің жүргізушісі тоқтауға үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Аталмыш бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға