Жаңалықтар

Еліміздің батыс аумағында ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Еліміздің батыс аумағында ауа райына қатысты ескерту жарияланды
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 16.12.2023 23:19 920

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2023 жылғы 16-21 желтоқсан аралығында елдің батыс бөлігінен келе жатқан циклоннан ауа-райының күрт нашарлауы күтілетінін алдын ала мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен, алдағы бірнеше күнде бірқатар аймақтарда ауа-райының қолайсыздығы болжанып отыр. Оның ішінде қатты жауын-шашын, температураның төмендеуі, көктайғақ, екпінді жел, шектеулі көріну болжанған.

16-17 желтоқсан аралығында циклон Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының аумағынан өтіп, қалың қар жауып, екпінді жел, боран күтілуде.

18 желтоқсаннан бастап циклон елдің солтүстік, орталық және шығыс бөліктеріне ауысып, ауа райының нашарлауына әкеледі. Осыған байланысты, "ҚазАвтоЖол" бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылатын болады. Кезекшілікке 500-ге жуық арнайы техника мен 700 жолшылар жұмылдырылмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға