Жаңалықтар

Еліміздің алты облысында жолдар жабылды

Еліміздің алты облысында жолдар жабылды
Фото: t.me/qazavtojol 09.04.2024 22:27 319

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында (ұзындығы 650 км) көліктің барлық түріне шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, су басу қаупі жоғары өңірлерде филиал мамандары тәулік бойы бақылау орнатып, алдын алу шараларын атқаруда.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 706 бірлік техника мен 1680 адам су тасқынын алдын алу бойынша жұмыс атқаруда. Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК Атырау облысында болған төтенше жағдайдың алдын алу үшін 117 арнайы техниканы жұмылдырды. Қосымша тағы 66 бірлік техниканы жіберу жоспарлануда. 2-9 сәуір аралығында Ақмола облысының бірқатар елді мекендеріне 22 бірлік арнайы техниканы жұмылдырып, еріген қар суын алдын алу үшін тиісті шаралар атқарылды, - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет ОКҚ брифингінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға