Жаңалықтар

Екібастұзда мал іздеуге шыққан әйел із-түссіз жоғалып кетті

Екібастұзда мал іздеуге шыққан әйел із-түссіз жоғалып кетті
Фото: Павлодар облыстық ПД 17.04.2023 19:50 1294

16 сәуір сағат 18.00 шамасында Бесқауға ауылының тұрғындары «ВАЗ-2104» көлігімен дала алқабына ірі қара мал іздеуге шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Олар Бесқауға ауылынан Жаңажол ауылына қарай 25 шақырым жерде автокөлікті тастап, екі жаққа бөлініп, көліктің жанында кездесуге келіскен. Сағат 19.00 шамасында жолдасы көлікке оралып, әйелін күте бастайды. Дегенмен әйелі келмеген соң, ер адам полицияға жүгінді, – деп хабарлайды баспасөз қызметінде. 

Айта кету керек, бір күн бұрын ауылда қатты боран соғып, түк көрінбей кеткен. Сондай-ақ, әйел ұялы телефонын жолдасының көлігінде қалдырып кеткені белгілі болды

Қазіргі таңда ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Екібастұз қаласының Vita  еріктілері қырда жоғалып кеткен әйелді іздеуге шықты. Әзірге жолдардың жабылуына байланысты қаладан шығу мүмкін емес. Жергілікті тұрғындар да қосылды. Іздестіру жұмыстары жақын маңдағы елді мекендердің дала алқабында жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға