Жаңалықтар

Егіз баласын 20 жыл бұрын жоғалтып алған ана елден көмек сұрады

Егіз баласын 20 жыл бұрын жоғалтып алған ана елден көмек сұрады
Фото: Видеодан кадр 22.02.2024 17:00 1141

“Бармысың, бауырым?” хабарының кейіпкері Бахитгүл Салдатхан 2004 жылы туған егіз баласын іздейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Хабар редакциясына алдын-ала хат жолдаған Бахитгүл заңсыз жолмен Мәди мен Мәдина есімді балаларынан айрылғанын айтты. Балалар 2004 жылы мамыр айында дүниеге келген. 

Бахитгүл Салдатхан 1992 жылы Моңғолиядан Қарағандыға көшіп келген. Көшіп-қонып жүргенде келіншек құжаттарын жоғалтып алған.

Мен Мәди мен Мәдинамды іздеймін. 20 жыл болды. Ешқандай заң білмегендіктен осы күйге түстім. Екі баламды тауып беруге көмектесіңіздер, - дейді ол.

Қарағандыда егіз баласын босанған кезде ананың ешқандай жағдайы болмаған. Кейіннен бір кісі көмектесіп, балаларды уақытша қалдыруға болатын қоныс тауып берген. Кейіннен Бақытгүлді сыртынан аналық құқығынан айырған сот шешімі шыққан.

Қазақстан, елім, жерім деп келгенде, орыс тілін білмегендіктен осындай күйге түстім. Екі баламнан айырылып қалдым. Мен сендерді қатты сағындым. Абылай деген ағаларың бар. Менің ешқандай кінәм жоқ. Тыңдап отырсаңдар хабарласыңдаршы, - дейді Бахитгүл Салдатхан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝑸 𝑨 𝒁 𝑨 𝑸 𝑹 𝑨 𝑫 𝑰 𝑶 𝑺 𝒀 (@qazradio.fm)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға