Жаңалықтар

Чемпиондар кеңес береді: Шорт-трекер мен боксшылар мұз айдынын сынап көрді

Чемпиондар кеңес береді: Шорт-трекер мен боксшылар мұз айдынын сынап көрді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 06.01.2024 21:11 630

Шорт-тректен Әлем кубогының чемпионы Абзал Әжғалиев, бокстан Азия чемпионы Айбек Оралбай мен бокстан әлем чемпионы Нұрбек Оралбай желілік мұз айдынында сырғанап, оған өз бағаларын берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін мен орталық саябақта сырғанадым. Мұз керемет. Кәсіби спортшы ретінде елордалықтарға осында келіп сырғанауға кеңес беремін. Достарыңызбен және отбасыңызбен осында демалсаңыздар болады, - деп өз әсерімен бөлісті 3 олимпиадалық ойынның қатысушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абзал Әжғалиев.

Астанадағы желілік мұз айдынында ағайынды боксшылар да сырғанады.

Орталық саябақта әдемі, ыңғайлы мұз айдыны ашылған. Өте тегіс. Барлық астаналықтарды осында шақырамыз, - деді боксшылар Айбек пен Нұрбек Оралбай.

Естеріңізге сала кетейік, бұл - Астанадағы алғашқы желілік мұз айдыны. Елордадағы ең ұзын мұз айдынының ұзындығы 290 метрге жетеді. Өз құрал-саймандарымен келушілер үшін мұзға шығу тегін. Мұз айдынының жанында тақырыптық фотоаймақтар, жылыту нүктелері және фудкорттар орналасқан. Саябақта сырғанақтар да жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға