Жаңалықтар

БҚО-да құрғақ жер өртеніп жатыр

БҚО-да құрғақ жер өртеніп жатыр
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 11.07.2023 22:13 617

БҚО-да құрғақ жердегі өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке  сәйкес, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың уақтылы қабылдаған шараларының, жедел әрекетінің арқасында 38 жану жойылды.

Қазіргі уақытта сөндіру жұмыстары Сырым ауданының Тоғанас кентіндегі бір учаскеде жүргізілуде. Өрттің ауданы – 000 гектар. Өрт сағат 14:25-те оқшауланған. Елді мекенге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта өрт орындарын қарауылдау және су құю жүзеге асырылуда, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Өртті сөндіруге 260-қа жуық адам және 60-тан астам техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға