Жаңалықтар

БҚО-да 16 жастағы жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді

БҚО-да 16 жастағы жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 20.10.2023 11:24 862

БҚО-да 16 жастағы жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

БҚО полиция департаментінің дерегінше, қайғылы оқиға 18 қазан күні болған.16 жасөспірім кісі өлтіру фактісі бойынша күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ауыл әкімдігі отбасы мүшелерінің бұрын соңды бұзақылығын көрмегенін және ешбіреуі есепте тұрмағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға