Жаңалықтар

Атырауда заңсыз ауланған 313 келі бекіре табылды

Атырауда заңсыз ауланған 313 келі бекіре табылды
Фото: © El.kz 03.04.2024 03:48 288

Атырау облысында Жайық өзенінің жағасынан 313 келі бекіре табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Браконьерлер 14 қапқа салынған балықты қамыс арасына жасырып кеткен. Еліміздің балық шаруашылығы комитеті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша заңсыз ауланған балық 2 сәуірде түнгі сағат 00:50-де табылған көрінеді.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Атырау облыстық полиция департаменті және Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлескен рейд өткізді. Рейд кезінде  Жайық өзенінің жағалауына орнадасқан Дамбы ауылы маңындағы 2 өзек тексерілді. Су айдынының жағасындағы қамыс арасынан 14 қапқа салынған жалпы салмағы 313,3 келі бекіре тұқымдас балық табылды, - деді комитеттің баспасөз қызметіндегідер. 

Таңғы сағат 06:00-де бекіре табылған тұстан шамамен 400 метр қашықтықта өзен жағасына бекітілген аспалы моторы бар 8 жүзу құралы табылғаны белгілі болды. Сондай-ақ, 3 «Ямаха-200», «Ямаха-225» және 4 «Байда» типті қайығы бар иесіз жүзу құралдары тәркіленді.

Заңсыз ауланған бекіреге байланысты дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Балық қорына келтірілген залал алдын ала есеп бойынша – 173 505 540 теңге, - деді  балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға