Жаңалықтар

Атырау облысында 250 тоннаға жуық шөп өртеніп жатыр

Атырау облысында 250 тоннаға жуық шөп өртеніп жатыр
Фото: Видеодан кадр 28.04.2024 22:08 263

Атырау облысының өрт сөндірушілері жиналған шөпті сөндіруде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Құрманғазы ауданында Қаракөл ауылының шетінде ашық аумақта 250 тоннаға жуық шөптің өртенуі орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Мал қауіпсіз жерге айдалды.

Өрттің себебі анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға