Жаңалықтар

Ақтөбеде лауазымды тұлғалардың «конвертпен» пара алғаны видеоға түсіп қалған

Ақтөбеде лауазымды тұлғалардың «конвертпен» пара алғаны видеоға түсіп қалған
Фото: Видеодан кадр 19.01.2024 14:10 1052

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысының лауазымды қызмет иелерінің қандай да бір конверт алған әрекеті түсірілген видео қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазбадан «Ақтөбе» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әжниязовтің әкім орынбасары Ғалымжан Елеуовтің көмекшісіне конверт секілді затты беріп жатқанын көруге болады.

Жаңа жыл қарсаңында негізгі сыйақыдан бөлек, 2-3 жалақы көлемінде қосымша сыйақы алған «ӘКК Ақтөбе» АҚ кейбір қызметкерлері қаражатты компанияның басқарма төрағасының бірінші орынбасарына тапсырды. Ал ол жиналған қаржыны Ақтөбе облысы әкімі орынбасарының көмекшісіне берді, - делінген видео туралы ақпаратта.

Қазіргі кезде «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-да қызметтік тексеру басталғаны анықталды.

Видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Біз де көрдік. Қазіргі кезде қызметтік тексеру басталды. Барлығы жан-жақты тексерілген соң қорытындысын хабарлаймыз. Видеодағы адам - «Ақтөбе» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әжниязов. Сонымен бірге ол жерде облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің көмекшісі деп жазылған. Тұрақтандыру қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға жауапты Руслан Әжниязов қазір жиналыста. Бұл жерде қызметте жүргеніне екі ай болды. Тексеруді «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ның кадр бөлімі жүргізеді, - деді «Ақтөбе» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нарек Гегамян ҚазАқпарат тілшісіне.

Ал облыс әкімдігі конверт алған адамның бұрын жұмыс істегенін атап өтті.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің қатысы бар ма, жоқ па, ол жағын білмейміз. Қазір ішкі тексеру жұмысы жүріп жатыр. Сол кезде анықталады. Содан кейін ғана шешімін хабарлаймыз. Видеодағының бірі «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әжниязов, екіншісі бұрын облыс әкімдігінде жұмыс істеген. Біз оны ара-тұра көретінбіз, бірақ әкімдікте қызметкер емес. Ал Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов жұмыста, жиналыста, - деді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбеева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға