Жаңалықтар

Ақтөбеде екі жігіт кәсіпкерден 35 млн теңге бопсалаған

Ақтөбеде екі жігіт кәсіпкерден 35 млн теңге бопсалаған
Фото: Видеодан кадр 30.01.2024 19:01 486

Ақтөбеде кәсіпкерден 35 млн теңге бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Ақтөбе қаласында кәсіпкерді қорқыту жолымен 35 млн теңге бопсаған екі күдікті жігітті ұстады.  

Ішкі істер органдары есебінде тұрған күдіктілер кәсіпкерден ақшалай қаражаттың бір бөлігін алу кезінде қолға түскен. Олардан қолма-қол ақша, оның ішінде бұған дейін жәбірленушіден алынған 4 млн теңге, бірнеше ұялы телефон, банк карталары мен пышақ тәркіленді.

Полицейлер бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Polisia AKTOBE (@polisia_aqtobe)

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға