Жаңалықтар

Ақтөбеде бораннан бір аудан жарықсыз қалды

Ақтөбеде бораннан бір аудан жарықсыз қалды
Фото: © Pixabay.com 07.02.2024 09:12 503

Ақтөбеде бораннан бір аудан мүлде жарықсыз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ГМЗ ауданының жеке секторы жарықтан ажыратылған, электр қуаты түннен бері жоқ. Маржанбұлақ ауылы да жарықсыз отыр.

Көрінудің нашарлауынан өңірдегі жолдарда көліктердің қозғалысы тоқтатылған.

Республикалық маңызы бар Самара — Шымкент (702-610 км, Маржанбұлақ — Қобда ауылдары), Ақтөбе — Мәртөк — Орынбор (24-64 км, Сарыжар — Мәртөк) тас жолдары жабылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға