Жаңалықтар

Ақмола облысында бүтін бір отбасы жол апатына түсті

Ақмола облысында бүтін бір отбасы жол апатына түсті
Фото: El.kz/ChursinovArtem 08.06.2023 11:45 732

Ақмола облысында жол апатына түскен бүтін бір отбасының тағы бір баласы қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатына түскен отбасының 16 жастағы қызы кеше қайтыс болды.

Жол апатынан кейін дереу ота жасалды. Ауыр ми жарақаты болды. Баланың іш құрылысының бәрі езіліп кеткен. Ауруханаға түскендегі жағдайы өте ауыр болды, қан қысымы 50-ге дейін төмендеп кеткен, - дейді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Жасөспірім кеше түнгі сағат 22:20-да қайтыс болды. Ал оның анасы мен інісі әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетсек, 6 маусымда Қостанай – Әулиекөл - Сурған автожолында бүтін бір отбасы жол апатына түсті. Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, екі көлікпен соқтығысқан.

Апат салдарынан 46 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі және оның 10 жастағы ұлы қайтыс болды. Әйелі мен тағы екі баласы ауруханаға жеткізілген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға