Жаңалықтар

Ақмола облысында әкім жұмысшыны соққыға жыққан

Ақмола облысында әкім жұмысшыны соққыға жыққан
Фото: © Polisia.kz 04.10.2023 17:56 630

Острогорск ауылдық округінің әкімі Новый Колутон ауылын сумен қамтуға жауапты ЖШС жұмысшысына қол көтерген. Ер адам соққыдан құлап, денелері сырылып, көгерген, кейін сотқа жүгінген, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

К.-ның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен және сарапшының қорытындысымен расталды, - делінген Ақмола облысы Астрахан аудандық сотының хабарламасында.

Сот әкімнің бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, оның мінезі байсалды екенін ескерді. Сондай-ақ іс бойынша ауырлататын мән-жайлар болған жоқ. Осыны ескере отырып, сотталушыға 15 АЕК, яғни 51 750 теңге айыппұл салынды.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінің санкциясы бойынша 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға