Жаңалықтар

Антикор Атыраудағы 8 нысанның құрылысын бақылауға алды

Антикор Атыраудағы 8 нысанның құрылысын бақылауға алды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.11.2023 23:14 511

Атырау облысында жемқорлық тәуекелі болуы мүмкін картасына енген 8 нысан бар. Антикор бұл нысандардың құрылысы бақылауға алды. Бұл туралы Kazinform-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың айтуынша, Антикордың басты міндеті – бюджет қаражатын жымқыруға жол бермеу. 

Атырау облысында жемқорлық тәуекелі картасына 8 нысан енгізіліп отыр. Бұл – Қызылқоға және Махамбет аудандарындағы мәдениет үйлері, Исатай мен Мақат аудандарындағы 60 пәтерлік тұрғын үйлер, Индер ауданындағы 80 пәтерлі тұрғын үй, Талғайраң ауылындағы 9 қабатты 90 пәтерлі тұрғын үй, кәріз және сумен жабдықтаудың инженерлік желілерін салу құрылыс. Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы өрт сөндіру депосының құрылысы да аталған картаға енгізілді. Бюджет қаражатын жымқыруға жол бермеу үшін аталған нысандарға мониторинг жүргізіледі. Мониторингтік топқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер де, жұртшылық та қосылды, - дейді Саян Ахметжанов. 

Агенттік өкілі Талғайраң ауылында салынып жатқан нысандардың құрылысын бақылады. Оған тапсырыс берушілер мен мердігер мекемелердің өкілдері қатысты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға