Жаңалықтар

Альмира Бишімбаева: Салтанаттың неден өлгені анықталмады

Альмира Бишімбаева: Салтанаттың неден өлгені анықталмады
Фото: Jogargy sot 03.05.2024 16:04 1779

Сотта сөз сөйлеген Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айыпталушының анасы өлім себебі нақты анықталмады деп есептейді. Сондай-ақ сотта Нүкенованың қанша ішімдік ішкеніне мән берілмегеніне тоқталды. Сот сарапшысы Тахир Халимназаровтың сараптамасын сынап, Салтанаттың қан құрамында алкоголь құрамы аз болғанын көрсеткен дейді. 

Егер сол түні осыншама ішімдік ішпегенде мұның бәрі болмас еді. Ұлым істеген ісіне, қол көтергеніне жауап беруі тиіс. Бірақ қасақана өлтіргені үшін жазалануға тиісті емес, - дейді Альмира Бишімбаева.

Айыпталушының анасы алқабилерден ақпараттық ағынға бой алдырмай, әділ шешім шығаруды сұрады. Сондай-ақ алғаш рет Нүкеновтер отбасынан кешірім сұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға