Жаңалықтар

Алматы облысында су қоймасының бөгеті бұзылды

Алматы облысында су қоймасының бөгеті бұзылды
Фото: Алматы облысының әкімдігі 30.03.2024 20:00 1507

Алматы облысының Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгетінің бір бөлігі бұзылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасы бойымен өтуде.

Тоғандарға құйылатын барлық шлюздер ашық. Су транзиттік режимде ағуда. Халықты хабардар ету жүргізілуде. Елді мекендерді су басу қаупін нақтылау бойынша жұмыстар жүргізілуде, - делінген мәліметте.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамы мен бастығы, Алматы облысының әкімі бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға