Жаңалықтар

Алматы әкімі шұғыл жиналыс өткізіп жатыр

Алматы әкімі шұғыл жиналыс өткізіп жатыр
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 04.03.2024 12:10 1161

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жедел штабтың жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиналыста жер сілкінісінен кейінгі әрекеттерді талқылағаны хабарланды.

Қалалық әкімдік полиция департаменті қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатқанын, барлық аурухана мен жедел жәрдем күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін мәлімдеді. 

Әкімдіктің хабарлауынша, қаладағы барлық мектеп пен балабақша, қабылдау пунктері ашық. Алматы әуежайы да штатты режимде жұмыс істеп жатыр.

Алматы қаласы ТЖД жеке құрамы "Жиын" сигналы бойынша көтерілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ және жер сілкінісінің салдары туралы мониторинг, ақпарат жинау жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға