Жаңалықтар

Абай облысының білім беру мекемелеріне жаңа автобустар берілді

Абай облысының білім беру мекемелеріне жаңа автобустар берілді
Фото: Абай облысының әкімдігі 18.12.2023 02:46 614

Абай облысындағы білім ошақтарына жаңа автобустар берілді. Меткеп оқушыларын тасымалдауға арналған шағын
автобустар кілті Тәуелсіздік күніне орай мектептерге табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Оқушылар үшін 13 көлік сатып алынды. Оның ішінде 9 шағын автобус және 4 автобус бар. Олар Семей қаласы, Бесқарағай, Абай, Жарма, Аягөз, Бородулиха аудандарына жол тартты.

Жаңа темір тұлпарлар америкалық үлгіде құрастырылған. Газель 13 жолаушыға, шағын автобустар 22 жолаушыға арналған. Автобустар қауіпсіздік белдіктерімен, сөмкелерге арналған сөрелер және бейнекамералармен жабдықталған. Автобустардың есіктері ашық болған кезде автоматты түрде бұғатталады. Мемлекеттік және орыс тілінде айтылатын дыбыстық хабарламалар қосылған. Лизинг арқылы сатып алынған автобустар қосымша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көтергіш құрылғылармен және 4 камерамен жабдықталған.

Айта кетсек, бұған дейін облыста жаңа автобустар алынбаған. Келесі жылы тағы 3 газель мен 2 автобус сатып алу жоспарланған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға