Жаңалықтар

Абай облысында тұрғынүй құрылысының саны артты

Абай облысында тұрғынүй құрылысының саны артты
Фото: Абай облысының әкімдігі 22.07.2023 10:22 824

Абай облысында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс көлемі артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баспанаға мұқтаж азаматтары тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекет алдындағы басты міндет және оны іске асыруға барлық мемлекеттік органдар жұмылдырылған. 2022 жылдың қорытындысына сәйкес Абай облысында 3352 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген.  

2023 жылға 66 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жоспарланған, оның ішінде 343,1 мың шаршы метрді қолданысқа беру жоспарланған. Оның ішінде 18 тұрғын үй (1048 пәтер), 26 коммерциялық тұрғын үй (1235 пәтер), сондай-ақ жеке тұрғын үйлер (134,789 мың шаршы метр) бар. Биыл бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 130,102 мың ш.м. пайдалануға берілді, бұл ретте құрылыс көлемінің өсуі 2022 жылғы көрсеткіштерге 130%-ды құрады, - деп жазылған облыс әкімдігі таратқан мәліметте. 

Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында 2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 576 жалға берілетін пәтер сатып алу жоспарлануда. Оның ішінде 72 пәтер пайдалануға беріліп, 28 пәтер сатып алынып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға