Жаңалықтар

"900 мың теңге тұрады". Батыс Қазақстанда полицейлерге массаж креслосын сатып алған

"900 мың теңге тұрады". Батыс Қазақстанда полицейлерге массаж креслосын сатып алған
Фото: Әлеуметтік желі 01.11.2023 14:40 903

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы массаж жасайтын креслоны 900 мың теңгеге сатып алуға тапсырыс берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

Сатып алу веб-сайтындағы скриншотқа сәйкес, орындық 891 694 теңге тұрады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі орындық әлі сатып алынбағанын хабарлады. Бірақ Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес, ол «қызметкерлердің психологиялық релаксациясы және психикалық жағдайын түзету үшін» сатып алынады.

Массаж креслосы психологтың кабинетіне орналастырылады және қызметкерлер жедел тапсырмаларды орындағаннан кейін тынығуына болады, - делінген жазбада.

Айта кетейік, осындай жағдай 2019 жылы Түркістан қаласында тіркелген еді. Түркістан қаласы ішкі істер басқармасы  мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы массаж жасайтын креслоны 422 мың теңгеге сатып алғысы келген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға